60
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
екінші шапақтан кейін басталып, үшінші күні ақшамға
дейін шалынуы – уәжіп, ал Имам Әбу Юсуф пен Имам
Мұхаммедтің көзқарасы бойынша – сүннет. Имам Әбу
Ханифаның көзқарасына сүйенсек, үзір себептерінен
тыс осы күндерде шалынбай қалған тәматтуғ және
қиран құрбандарының орнына екі құрбан шалынады.
Біреуі қаза ретінде, ал екіншісі жаза ретінде.
Һәди құрбанының еті
Тәматтуғ, қиран және нәпіл құрбандарының етінен
барлық адамдардың жеуіне болады. Ал жаза және ихсар
құрбандарының етінен тек кедейлер жейді. Иелеріне
және өзінің қол астындағы қарауға міндетті адамдары-
на, жалпы байларға жеуге болмайды
113
. Атадан жеткен
хадисте:
ل يُؤْكَلُ مِنْ جَزَاء الصيْدِ وَ لَ مِنْ النذْرِ
وَ لَ مِنْ الْفِدْيَةِ وَ يُؤْكَلُ مِما سِوَى ذَلِكَ
«Аң аулау жазасы, нәзір және кәффарат
себебінен сойылған құрбаннан жеуге болмайды, қалған
құрбандардан жеуге болады»
– делінген.
Зәру жағдай тумаса, һәди құрбанына арналған
малға мінбейді, жүк артпайды. Өйткені ол дінге де-
ген құрметсіздік. Міну секілді қолданыстың салдары-
нан һәди малының бойында кемшілік туындаса, бұл
кемшілігінің мөлшерін есептеп садақа беруі тиіс.
113
М. Исаұлы. Қ. Жолдыбайұлы. Ислам ғылымхалы, 379-б.