57
Құрбандық
Һәди құрбандығы хазірет Ибраһимнің
сүннеті
Құрбан шалуды әңгіме қылғанда хазірет
Ибраһимнің (а.с.) аты еске түседі. Түсінде ұлы Исмай-
ылды құрбандыққа шалып жатқанын көріп, оянғаннан
кейін осы іске оқталуы бұл ғибадаттың сол замандарда
маңызының артқанын байқатады.
Құранда «Хаж» сүресінде һәди құрбанының
негізі хазірет Ибраһиммен байланысты екенін
айтылған:
«Өз кезінде Ибраһимге Қағбаның орнын
көрсеттік. «Маған еш нәрсені ортақ етіп қоспа. Та-
уап қылушыларға, тік тұрып, иіліп және сәжде етіп
құлшылық қылушыларға үйімді таза ұста» дедік.
Елді қажылыққа шақыр. Олар жаяу-жалпылап бол-
са да, арық көлікпен болса да келеді. Олар өздеріне
тиісті пайдаларын көрсін және малын белгіленген
күні құрбандыққа шалсын. Құрбандықтарыңды
өздерің де жеңдер, жоқ-жітікке де беріңдер»
106
.
Һәди құрбаны екіге бөлінеді
а) Нәпіл һәди
Қажылықта өзіне міндетті болмаса да өз қалауымен
шалған құрбан малы. Қажылық немесе ұмра
жасаушының құрбан шалуы – мұстахап. Хұдайбия
жылы Мекке мүшріктері Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
сахабаларымен бірге ұмра жасауына жол
бермеді. Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жүз
түйені құрбандыққа шалған болатын
107
.
106
«Хаж» сүресі, 26-28-аяттар.
107
Бұхари, Хаж, 121, 122