Previous Page  63 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 112 Next Page
Page Background

63

Айт намазы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты айт

намазын айттың алғашқы күні оқи алмаса, келесі айт

күндерінде оқуға болады. Себепсіз кешіктіру харамға

жақын мәкрүһ

118

.

Айт намазының оқылуы

Айт намазы – жамағатпен оқылатын екі бас намаз.

Азан мен қамат айтылмайды

119

. Айт намазының өзге на-

маздан ерекшелігі, айт намазының әрбір рәкатында үш

тәкбір айтылады. Бұл тәкбірлерді орындау – уәжіп. Бұл

тәкбірлер бірінші рәкатта қырағаттан бұрын, ал екінші

рәкатта қырағаттан кейін айтылады.

Айт намазы төмендегіше ретпен жүзеге асады:

Бірінші рәкат

1. Ниет

Имам «айт намазын оқуға ниет еттім»

деп ниет етеді. Жамағат «Айт нама-

зына ниет еттім, ұйыдым имамға» деп

ниет етеді.

118

Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул ханафи фи саубиһил жадид,1/324

119

Ибн Омар (р.а.): «Аллаһ елшісі

айт намазына шыққанда,

азансыз әрі қамат айтпастан намаз оқытты» деген (ән-Нәсәи).