Previous Page  69 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 112 Next Page
Page Background

69

Айт намазы

айт күні киетін қызыл шапаны болатын. Өзінде болма-

са иіссуды туыстарынан алып келіп себетін.

Мешітке барарда бір жолмен барса, қайтарда

басқа жолмен қайту – сүннет. Жабирдің риуаят еткен

хадисінде «пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

айт нама-

зынашыққандабіржүргенжолыменқайтажүрмейтін»

125

делінген. Кейбір ғалымдардың айтуынша, сауабы мол

болсын, әрбір қадамға сауап жазылсын деген ниет-

пен алыс жолмен мешітке барып, төте жолмен қайту

дұрыс. Құрбан айт намазын алғашқы уақытында оқу –

мұстахап

126

.

Айт намазына қатысты мәселелер

Имам алғашқы үш тәкбірді ұмытып, «Фатиха»

сүресін жартысына дейін оқып қойса, дереу үш мәрте

тәкбір айтып, «Фатиха» сүресін қайта оқиды. Ал егер

«Фатиха» сүресі мен қосымша сүре оқып қойған болса,

қаза етілген тәкбірлерді айтады, бірақ артынша «Фати-

ха» мен қосымша сүрені қайта оқымай дереу рукуғқа

барады.

Имамға кешігіп ұйыған адам тәкбірлерді тік

тұрғанда айтып үлгеретін болса, тәкбірлерді іштей

айтады. Ал егер имам рукуға иіліп қойса, кешігіп

ұйыған адам да рукуғқа иіліп, үш тәкбірді рукуғта

қолдарын көтермей айтады. Бұл – Әбу Ханифа мен

имам Мұхаммедтің көзқарасы. Ал Әбу Юсуфтың

көзқарасы бойынша, имамға кешігіп ұйыған адамның

рукуғта айт тәкбірлерін айтуына болмайды, өйткені

бұл тәкбірлердің айтылу орны тік тұрғанда (қиямда) де-

125

Бұхари, 986; Субулус-сәлам, 2/488.

126

Пайғамбарымыз қызықтырған әрі сауабы бар амал.