Previous Page  72 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 72 / 112 Next Page
Page Background

72

Қабылдың құрбаны неге қабыл

болмады?

Ғалымдардың

айтуынша,

Қабыл

әділетсіз

дауласқаны үшін, бауырын қызғанғаны үшін, бәлкім

мал сойып қан ағызбағаны үшін оның құрбандығы

қабыл болмаған. Тәпсір кітаптарында Абыл Қабылға:

«

Құрбандығыңның қабыл болмағанына мен кінәлі

емеспін. Тақуалық танытпағаның үшін сенің

құрбаның қабылданбады. Сондықтан мені өлтіремін

дегенше өзіңнің тақуалығыңды күшейт

» –

деп айтқан

деп тәпсірлейді

131

.

Демек, негізгі себеп бұл жерде тақуалықта Қабыл

мен Абылдың бұл оқиғасы Тәуратта да айтылады

132

.

Абыл мен Қабыл құрбандықтарының

қабыл болып-болмағанын қалай

анықтаған?

Абылдың құрбанының қабыл етіліп, Қабылдікі

қабыл болмағанын олар қайдан білді? Не нәрсеге

сүйеніп олар осылай деп шешті? Құран аяттары

бұл туралы егжей-тегжейлі айтпаған. Тек бұрынғы

үмбеттер арасында, әсіресе Исрайыл ұрпағы ішінде

құрбандыққа шалынған нәрсенің қабыл болуы үшін

аспаннан от түсіп құрбандықты жағып жіберуі керек

екені жайлы айтылады. Ұлы Аллаһ тағала да бұл тура-

лы Құранда былай дейді:

«Көктен түскен құрбанын

жағып жібермейінше, ешбір пайғамбарға иман

етпеуімізді бізге Аллаһ тағала тапсырды» дейді

олар (еврейлер). (Мұхаммед) Сен оларға былай де:

«Менен бұрын да ашық дәлелдермен және өздерің

131

Мәудуди, Тәухим, «Мәида» сүресі, 27-32 аяттардың тәпсірі.

132

Е.А.Тәкуин, 4/2-5.