71
Айт намазы
Құрбан жайлы сұрақ-жауап
Мүмкіндігі бола тұра құрбан
шалмаудың үкімі не?
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«
Кімде-
кім мүмкіндігі бола тұра құрбан шалмаса, намаз
оқитын жерімізге жақындамасын
», – деген
130
. Бұл
хадисте құрбан шалуға мүмкіндігі бола тұра, құрбан
шалмағандар мешітімізге келмесін деп ескерту жасауы
бұл істің маңыздылығын әрі ақыретте сұралатындығын
білдіруде. Сондықтан Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
шамасы жете тұра құрбан шалмаған адамның дүниеде
намаз оқитын жерге жақындауын қаламаған болса,
ақыретте жанында тұрғанын қаласын ба?
Ханафи фиқһ ғалымдары бойынша құрбан шалу
уәжіп болғандықтан, шамасы жеткен адам құрбан
шалмаса күнәһар болады. Ал Имам Малик пен Имам
Ахмедтің көзқарасы бойынша, құрбан шалу уәжіп емес
– сүннет. Сондықтан құрбан шалған адам сауап алады,
шалмаған сүннет сауабынан құр қалған болып ақыретте
сұралмайды. Ал Шафиғи мәзһабында құрбан шалу тәрк
етуге болмайтын бекітілген сүннет делінген.
130
Ахмед ибн Ханбал; Ибн Мажә; Нәйлүл-әутар, 5/108.