70
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
ген. Қиямда орындамағандықтан бұл тәкбірлерді айту
міндеттілігі жойылады
127
.
Егер біреу кешігіп айт намазының бірінші рәкатын
жіберіп алса, екінші рәкатты имаммен оқып болған соң
қайта тұрып алғашқы рәкатын толықтырады. Сол кезде
«Фатиха» сүресі мен қосымша сүрені оқып, іштей үш
тәкбірді айтып намазын аяқтайды
128
.
Айт намазына үлгере алмай қалған жағдайда айт
намазының қазасы өтелмейді. Айт намазы жеке де
оқылмайды. Қаласа төрт рәкаттан тұратын «Дұха» на-
мазын оқиды. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Кім айт
намазын өткізіп алса, төрт рәкат (дұха) намазын
оқысын»
129
деген
.
127
Ислам фиқһ энциклопедиясы, 460-б.
128
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,
Бейрут, 1998 ж. 327-б. Рәддул-Мұхтар, 1/560.
129
«Мәжмауз-зауаид»: 2/205. Сондай-ақ әт-Табари “әл-Кәбир”
кітабында келтіреді.