Previous Page  73 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 112 Next Page
Page Background

73

айтқан құрбандығымен талай пайғамбар келді сен-

дерге. Егер айтқандарың шын болса, оларды неге

өлтірдіңдер?»

133

.

Әлденені құрбандыққа шалу бүгінгі күннің өзінде

кітап иелері арасында кең тараған ғибадат түрі.

Яһудилердің арасында құрбан атаудың түрі өте көп.

Мал сою, ұн, май, уыз беру, жылдың алғашқы жемісін

садақа ету секілді. Ал христиандар нан мен арақ-шарап

таратып, мұны хазірет Исаның еті мен қанына айнала-

ды деп ойлайды. Және кімнің құрбаны қабыл болып,

кімдікі қабыл болмағанын өздерінше біліп отырады.

Ал біздің құрбанымыздың қабыл болар-болма-

сын мүлде біле алмақ емеспіз. Тек фықһи тұрғыдан

құрбандықтың барлық талабы орындалса, оны қабыл

болды деп сенеміз. Қолымыздан бар келетіні үміт пен

үрей арасында Аллаһқа жалбарынып дұға ету. Әрине,

айналып келгенде бәрі кісінің ниеті мен ықыласына

тікелей байланысты.

Кембағал жандардың атынан құрбан

шалуға бола ма?

Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құрбандық шалуға жағдайы жоқ,

кедей адамдардың атынан да құрбан шалғанын бы-

лай баяндайды:

«Хазірет пайғамбарымызбен бірге

мешітте едім. Құтбасын бітіріп мінберден түскен

соң, қошқарды өз қолымен бауыздады. Хазірет

пайғамбарымыз құрбандыққа бір қошқарды шаларда: َ

اللهُم مِنْكَ وَ لَكَ عَنْ مُحَمدِ وَ أُمتِهِ، بِسْمِ اللِّ وَ اللُّ أَكبَر، ثُم ذَبَح

133

«Әли Имран» сүресі, 183-аят.