77
Құрбан жайлы сұрақ-жауап
өнегелі жолын дүние табу мақсатында бұрмалайтындар
пайда болды. Мысалға айтсақ, кей адамдар: «Пәленше
әулиеге арнап құрбан шаламын» деген ниетпен әулие-
әнбиелердің басына баруды әдетке айналдырды.
Әрине, бұлай істеу ақида тұрғысынан өте қауіпті,
кісіні күпірлікке жетелейтін ауыр күнә болып табыла-
ды
140
.
Алайда малды Аллаһтың атын атап, «бисмиллаһи,
Аллаһу акбар» деп шалса, яғни бір Аллаһтың разылығы
үшін болса, ондай малдың еті адал. Міне сондықтан да
құрбандық шалатын кісінің ниеті өте маңызды. Үкім
оның ниетіне қарай беріледі. Мысалы: «Бұл малды
пәленше әулиенің атынан шаламын» деп, Аллаһтың
атын атамай, тек мәйіттің атынан шалынған құрбанның
еті арам. Тіпті малды әлгі әулиенің атынан шалып жа-
тып «бисмиллаһ» деп Аллаһтың атын атаса-дағы оның
еті желінбейді.
Дүниеден өткен адамға бағыштап құрбан шалу үшін
бейіт басына барып құрбан шалу шарт емес. Алайда
барған болса, сол маңайдағы мешітке жолығып, мешіт
имамына айтып, малды шариғатқа сай шалғаны дұрыс.
Құрбан малдың еті қалай
үлестіріледі?
Құрбанның еті үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігін
отбасына, екінші бөлігін туыс-туғандарына, жора-
жолдастарына, үшінші бөлігін кембағалдарға тарату –
мұстахап.
140
Әнас (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі: «Исламда қабір
басында құрбан шалу жоқ» деген (Әбу Дәуіт, 3222)