Previous Page  83 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 112 Next Page
Page Background

83

Құрбан жайлы сұрақ-жауап

халықты осыған ынталандырған. Құрбан етінің үштен

бірін басқаға беру – мәндүп

155

. Алайда көп балалы отба-

сы құрбан айт күндерінде құрбан шалған болса, мұның

еттерін түгелдей өз отбасына алып қалуына ешқандай

тыйым жоқ. Өйткені отбасының мұң-мұқтажы

басқаларға қарағанда бірінші кезекте тұрады. Ал егер

шалған құрбаны «нәзір құрбан» болса, етінен жей ал-

майды.

Құрбанды кімдерге беруге болады?

Мұсылман адам шалған құрбанын ешкімді бөліп-

жармай таратуы керек. Алайда құрбанын кедейлер-

ге, оның ішінде білім алушы шәкірттерге, дінімізге

пайдалы-ау дегендерге көбірек көңіл бөлу абзалырақ.

Сонымен қатар фықһ кітаптарында садақаны салиқалы,

тақуа жандарға берудің мұстахаб амал екені айтыла-

ды. Осылармен қоса Исламға деген көзқарастарын

оңалту мұсылмандарға деген жылы қарым-қатынас

қалыптастыру мақсатында, құрбандықты өзге дін

ұстанатын адамдарға беруге де болады. Олармен

сұхбаттаса отырып Исламдағы бауырмалдықты,

сыйлық бере отырып мұсылмандардың жомарттығын

көрсету керек. Шама келгенше мұндай кісілерді разы

қылып, имандылыққа келуіне себеп іздеу керек. Алай-

да мұсылмандар қиын жағдайда тұрса, әуелгі кезекте

мұсылмандарға беріледі. Бұл жерде айта кететін тағы

бір нәрсе, осы топтың қатарына тек Исламды қабылда-

маған адамдар ғана емес, иманы әлсіз, не болмаса дінге

енді ғана кірген мұсылмандар да жатады

156

. Имандарын

арттыру үшін, дінге тұрақты ету үшін бұларды да жиі

155

Істеуге қызықтырған, сауабы бар амал. Істемесе жазасы жоқ.

156

Дианет ішлер басканлыгы, Илмиһал, Анкара 206, 483б.