87
Құрбан жайлы сұрақ-жауап
Киік, ақбөкен, бұғы, елік, таутеке,
арқар, секілді еті адал жануарларды
құрбан ретінде союға бола ма?
«Қажылық» сүресінің 34 аятында құрбандыққа
қандай жануарлардың шалынуы керек екені бы-
лайша баяндалған:
«Аллаһтың несібе етіп берген
малының кейбірін Аллаһтың атымен сойсын деп
біз барлық үмбетке құрбан ғибадатын белгіледік.
Өйткені бәріңнің құдайларың жалғыз Аллаһ.
Сендер де (Ибраһим мен Исмайыл секілді) Оған
шын беріліңдер. Құрмет тұтып бағынғандарды
сүйіншіле».
Бұл аятқа қарайтын болсақ, құрбан ретінде
сойылатын жануардың тек үй жануарлары болуы ке-
рек екенін көреміз. Анығырақ айтсақ,бұлар түйе, сиыр
және қой-ешкі.
«Әнғам» сүресінің 143 және 144-аяттары мен
«Нахл» сүресінің 5, 8-аяттарын біртұтас зерттесек, еті
адал жануарлардың қатарында өсімдікпен қоректеніп
күйіс қайтарған, төрт аяқты үй жануарларын айтқанын
көреміз. Бұлжерден дешығатын қорытынды: түйе, сиыр
және қой-ешкі. Ал киік, арқар секілді жануарлардың
бұған жатар-жатпасы жайлы әлі күнге дейін түрлі
көзқарас бар. Ең дәлелді деген көзқарас бойынша, еті
адал болғанымен, бұл жануарлар құрбандыққа шалын-
байды. Біз осымен амал етеміз. Оның үстіне құрбандық
малы жайлы айтылған «Қажылық» сүресінің 28 және 34
– аяттарында жануарларға қатысты «мин» (кейбірі) де-
ген сөзді қолданған. Олай болса жануарлардың кейбірі
деген мағынаны білдіреді.
Киік, ақбөкен, таутеке сынды тағы жануарлар-
ды құрбандыққа шалу не харам, не болмаса харамға
жақын мәкрүһ. Классикалық фықһ кітаптарында осы-