Previous Page  84 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 84 / 112 Next Page
Page Background

84

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

қуантыпотыру керек. БұғанПайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

Хунайн соғысынан тапқан олжаны бөлгенде,

Исламға енді кіргендерге көп бергендігі дәлел. Соны-

мен қатар Аллаһ жолындағымұсылмандарға беру орын-

ды. Құранда «Тәубе» сүресінің 60-аятындағы «Аллаһ

жолында» деген сөз тек қару алып соғысқандарға

ғана айтылмайды. Дінге қызмет болып табылатын кез

келген жұмысты атқарып жүрген азаматтарды айта-

ды. Ханафи ғалымдары «Аллаһ жолында» деген сөзді

білім алып жүрген шәкірттер деп түсіндірген. Демек,

білім жолындағы кез келген адам осы топқа кіреді.

Ал Аллаһтың дініне қызмет етіп, Исламды төрткүл

дүниеге жаюға ат салысып жүргендерге зекет пен

садақа берілгені секілді құрбандық та беріледі. Бұндай

қамқорлық Аллаһ алдында да, қоғам алдында да өте

абыройлы іс.

«Кәусар» сүресіндегі «Біз саған

кәусарды бердік» деген аяттың

астарында не бар?ْ

إِنا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ {1} فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَر

«

Расында, біз саған Кәусарды бердік. Ендеше,

сен де Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал.

Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады

157

де-

ген аяттағы «кәусар» сөзі жаннатта Аллаһ елшісіне

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

берілетін бұлақтың аты, бұл бұлақтан

пайғамбарымыздың үмбеті су ішеді. Сонымен қатар

араб тіліндегі «Кәусар» сөзі «көп, мол» дегенді

білдіргендіктен оның мағынасы:

пайғамбарлық, Құран,

шапағат ету, білім және көп үмбет

дегенді білдіреді.

157

«Кәусәр» сүресі, 1-2-аяттар.