81
Құрбан жайлы сұрақ-жауап
Ал Шафиғи мәзһабы бойынша бір отбасыға бір
құрбан жеткілікті. Өйткені Шафиғи мәзһабында құрбан
шалу – сүннет
148
.
Қандай құрбан малын бірігіп шалуға
болады және ниеттері бірдей болуы
міндетті ме?
Қой мен ешкі тек бір адамға ғана жарайды. Түйе
мен сиырды бір адамнан жеті адамға дейін бірігіп
шалуға болады. Жәбир (р.а.) жеткізген хадисте:
نَحَرْنَا مَعَ رَسُولِ اللِّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلّمَ عَامَ الْحُدَيْبِيَةِ، الْبَدَنَةَ
عَنْ سَبْعَةٍ وَ الْبَقَرَةَ عَنْ سَبْعَةٍ
«
Біз
пайғамбарымызбен
бірге
Хұдайбияда
түйені жеті адам, сиырды жеті адам ортақтасып
құрбандыққа шалдық
»
149
, – делінген.
Ханафилер үшін жеті адам бірігіп құрбандық
шалғанжағдайда, барлығының ниеті Аллаһқа жақындау
мақсатында болуы шарт
150
. Егер де араларынан біреуі
құрбандықтан басқаны (мыс: тек ет алуды) ниет етсе,
барлығының құрбаны жарамайды
151
.
148
Хадисте: «Уа, адамдар! Бір отбасы үшін жылына бір құрбандық
шалу керек» делінген.
149
Тирмизи, Әбу Дәуіт, Нәсаи, Ибн Мажә (Насбур-рая, 4/ 209).
150
Дианет ішлер башканы, Илмиһал, 1/555 Анкара 2006;
151
Шафиғи мәзһабында жеті адамнан біреуінің ниеті ет алу болса,
құрбандыққа кедергі келтірмейді.