Previous Page  85 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 112 Next Page
Page Background

85

Құрбан жайлы сұрақ-жауап

Сондықтан болса керек, Расулаллаһқа

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

ұл баланың орнына “Кәусар”, яғни, көп үмбет

берілгендігі. Яғни, Ибраһим пайғамбарға өзінен та-

райтын екі ұрпақ берілсе (Ысқақ пен Исмаиыл), Аллаһ

елшісіне

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

иман жолы арқылы шынайы

ұрпағы, яғни мыңдаған мұсылман үмбеті сый ретінде

берілді. Ұрпағын жалғастыратын Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өз ұлдары шетінеп кете бергенімен,

Мекке мен Мәдина қалаларындағы мешіттермен

қоса бүкіл жер бетіндегі мешіттерді толтырған,

миллиардтаған үмбетінің өзі оған шынайы ұрпақ бол-

ды.

Аллаһ тағала Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ғасырлар өткен сайын саны арта беретін мұсылман

үмбетін сыйлағандықтан, осы үшін шүкір ретінде айт

намазын оқып, құрбандық шалу арқылы осы күнді атап

өту керектігі аят арқылы білдірілген. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Меккеде жүргенде кәусар

берілгендігі жайлы уаһи келеді. Сонда Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бұған шүкіршілік ретінде нәпіл намаз

оқып, құрбан шалуға бұйырылған. Кейіннен Мәдина

қаласына қоныс аударғаннан кейін бұл шүкір намазы

мен құрбаны жалпы мұсылман жұртшылығы үшін айт

намазы мен құрбан шалу ретінде шариғатқа енді

158

.

Құрбан шалу құлшылығы Аллаһты бәрінен артық

жақсы көру керектігін білдіреді. Құранда Аллаһ тағала:

«

Негізінде малыңды және балаларыңды сынақ деп

біліңдер»

159

деп ескерткен.

158

М. Хуб, Хер йөнииле құрбан, Измир 2006, 57-бет.

159

«Әнфал» сүресі, 28-аят.