Previous Page  80 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 112 Next Page
Page Background

80

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

се, жұмыртқа сауабын алады...»

145

– делінген. Бұл

жерде Аллаһқа жақындауда сауап жағынан түйенің

сиырдан, сиырдың қойдан артық екендігі айтылған.

Ал құрбан шалу Аллаһқа жақындау үшін ең үлкен

құлшылық болғандықтан, шалынған құрбанның ірі,

етті әрі семіз болғаны сауап жағынан да артық тұрмақ.

Бұл көзқарасты Имам Әбу Ханифа жақтаған. Имам

Шафиғи: «құрбан шалуға түйе сиырдан жақсы, сиыр

қойдан жақсы, бағасы қымбаты арзанынан жақсы,

семізі арығынан жақсы» және «қой ешкіден жақсы, ақ

түстісі қарадан жақсы» деген

146

.

Ал пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

қошқар

шалғаны, үмбетіне үлгі болуда орта жолды таңдап,

мұсылман үмбетіне жеңілін таңдауынан туында-

са керек

147

. Сондай-ақ кейбір риуаяттар бойынша

пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

түйе мен сиырдан да

құрбан шалған.

Менің шалған құрбаным әке-шешем

үшін жарамды ма?

Егер әкесі немесе шешесінің нисап көлемінде

байлығы бар болса, онда олар өздері жеке құрбан

шалулары керек, ханафи мәзһабы бойынша нисап

көлемінде байлығы бар әрбір адам үшін құрбан шалу –

уәжіп. Мейлі олар бір отбасы болсын, бір үйде тұрсын

айырмашылығы жоқ. Бір отбасында қанша бай адам

болса, олардың әрбіріне құрбан шалу жекелей уәжіп.

145

Әбу Хұрайра мен Әнастан (р.а.) риуаят етілген хадис. Бұхари

мен Мүслимде риуаят етілген. Имам Ғазали; Ихия Улумид-

дин, 160-б.

146

Имам Шафиғи, «Ум» кібабы 2/349

147

Лажнату дайма лилбухусил-илмияти уәл-ифта, фатуа 1149г