Previous Page  86 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 112 Next Page
Page Background

86

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Құрбан шалу міндеттілігін қалай

түсінеміз?

Ханафи мәзһабы бойынша, қолындағы дүниесі ни-

сап мөлшеріне жететін адамның құрбан шалуы уәжіп.

Нисап мөлшері қарызы мен басқа да негізгі керек-

жарағын санамағанда 85 гр алтын мен 595 гр күміс

мөлшеріндегі дәулет. Зекет парыз болған адамға құрбан

шалу да – уәжіп. Құрбан шалу зекет сияқты нисап

мөлшерінің бір жыл өтуін, уақыт өткен сайын көбейіп

жатуды, құнын жоғалтпауды талап етпейді.

Адамның негізгі керекті дүниелері қатарына үйі,

тұрмыстық заттары, жұмыста қолданатын аспапта-

ры, көлігі, киім-кешегі мен бір айлық азық-түлігі мен

қарыздары жатады. Кей ғалымдар кісінің үш қабат

киімінен артығын нисап мөлшеріне қосқан.

Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтарда құрбан

шалу сүннет болғандықтан, оларда құрбан шалу үшін

байлығына арнайы өлшем қойылмаған. Мысалы,

Шафиғимәзһабында құрбаншалу сүннет болғандықтан,

құрбан шалу үшін нисап мөлшерінің болуы шарт емес.

Құрбан шалған адам сүннет амалын орындаған болады.

Құрбанның алғашқы үш күні құрбандыққа

деп атаған малдың жоғалып кетуі немесе басқа да

жағдайларға ұрынуы бұл міндеттен босатпайды. Және

де кедей құрбан айт күндерінде байып кетсе, онда оған

құрбан шалуы уәжіп болады. Ал керісінше құрбан

айттың алғашқы күнінде байлығы нисап мөлшеріне

жетіп байыса, кейіннен айттың соңғы уақытында

байлығы нисап мөлшерінен азайып кедейленіп кетсе,

онда оған құрбан шалуы уәжіп емес

160

.

160

Бадаиғ әл-санаиғ фи тартибил шараиғ, Китабул адахи