Previous Page  82 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 112 Next Page
Page Background

82

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Қайтыс болған әкемнің атынан

құрбан шаларда «Бұл құрбанды

әкемнің атынан шаламын» деп ниет

ету дұрыс па?

Ниеттің орны – жүрек. Жүрегіңмен ниеттенгенің

жеткілікті. Дауыстап айту шарт емес

152

. Алайда құрбан

шалғанда: «Бұл құрбанды әкемнің атынан шаламын»

деп айтып, одан кейін «бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп

айтуға болады. Ең бастысы «бисмиллаһи, Аллаһу ак-

бар» деп, малды Аллаһ разылығы үшін бауыздау. Ал

қандай да бір дұға оқитын болса, оны бисмилладан

бұрын айту мұстахап

153

.

Құрбан малдың етін түгелдей асып,

туыс-туғандарды қонаққа шақыруға

бола ма?

Құрбандыққа шалынған малды мейлі көпшілікті

шақырып ас етіп берсін, мейлі кедейлерге таратып

берсін ол адамның өз еркінде

154

. Алайда құрбан малдың

етін үшке бөліп, бір бөлігін өздеріне, бір бөлігін туған

туыстарына, бір бөлігін кедейлерге тарату – сүннет.

Көп балалы отбасы өздері шалған

құрбанның етін түгелдей өздеріне

алып қала алады ма?

Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

құрбан етінен

құрбан шалушының өзі және өзгелер де жесін деп

152

Жаматсаб Өзбек, Дөрт мәзһаба гөре ислам фиқһы ве

мужтаһидлердің фарклы гөрішлері, Құрбан бөлімі, Рауза

иайынлары.

153

Бадаиғ уа санаиғ 4/219

154

Лажнату дайма лилбухусил-илмияти уәл-ифта, фатуа 3055