79
Құрбан жайлы сұрақ-жауап
кіргенде оқитын екі рәкаттық сәлем намазы, шүкіршілік
ретінде оқылатын намаз, дүйсенбі мен бейсенбі күндері
тұтылатын нәпіл ораза және т.б.
Ал нәпіл құрбан деп
–
нисап мөлшеріне байлығы
жетпеген кедей кісінің шалған құрбанын айтады. Мы-
салы: кедей кісі құрбан айтта немесе басқа уақытта
құрбан шалса, бұл шалған құрбаны нәпіл құрбаны бо-
лып саналады. Өйткені кедей кісіге құрбан шалу уәжіп
емес.
Сонымен қатар нәпіл құрбаны деп нәресте дүниеге
келгенде шалынатын «ақиқа» құрбанына да айтылады.
Өйткені бұл құрбанды шалу міндетті емес, егер шалса,
сауап жазылады. Қажылық жасаушы ұмраны қоспай
тек қажылық жасайтын болса (мұны «ифрад» қажылық
деп атайды) бұл адамға құрбан шалу міндетті емес.
Алайда өз қалауымен құрбан шалса, нәпіл құрбан бо-
лып саналады.
Қорыта келгенде, пендеге уәжіп құрбандардан тыс
шалынатын құрбан түрлері нәпіл құрбан деп аталады.
Бұл нәпіл құрбандарды тек құрбан айт күндері емес,
басқа да уақытта шалып немесе садақа ретінде таратуға
болады
144
.
Құрбанға қандай малды шалған
дұрыс?
Ең абзалытүйе, сиыр, қой (ешкі), ретіне қарай түйені
бірігіп шалу, сиырды бірігіп шалу. Бұл жайында соңғы
хадисте: «
Кім жұмаға алғашқы сағатында келсе, ол
түйе сойғандай сауап алады, ал екінші сағатында кел-
се, сиыр, үшінші сағатында келсе, қошқар, төртінші
сағатында келсе, тауық. Ал бесінші сағатында кел-
144
әл-Һидая, 1/180