Previous Page  75 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 75 / 112 Next Page
Page Background

75

Құрбан жайлы сұрақ-жауап

сауабы барып тұратын үзілмейтін садақаның қатарына

жатады.

Бірақ құрбандық уәжіп болған кісі өз атынан құрбан

шалмай тұрып, басқаның атынан құрбан шала алмай-

ды. Өйткені алдымен өзінің міндетін өтеуі керек.

Егер де өмірден озған кісі өз атынан құрбан шалу-

ды өсиет етіп кетсе, өсиетін орындаушы адам құрбан

малдың етін түгелдей таратып жіберуі тиіс, өзі жей

алмайды. Сол секілді қайтыс болған адамның артта

қалдырған мұрасынан құрбан шалатын болса, бұл да

өсиет етіп қалдырған құрбан секілді, құрбан шалушы

бұл еттен жей алмайды, кедейлерге таратуы керек.

Ал өсиет етілмесе де марқұмның атынан ізгі ниетпен

құрбан шалған адам құрбандықтың етін әл-ауқаты на-

шар отбасыларға таратып, қаласа, бір бөлігін отбасына

қалдырып, өздері жей алады.

Құрбан малды өкіл арқылы

шалдыруға бола ма?

Құрбандықты өзі шала алғаны секілді біреуге де

шалдырта алады. Құрбан шалуы уәжіп болған кісі

басқа бір адамды өзінің өкілі тағайындап, құрбан

шалуға рұқсат берсе, құрбаны жарамды. Ол «менің

атымнан құрбан шал» деген сөз немесе қандай да бір

рұқсатты білдіретін мағынада айтса жеткілікті. Бұған

пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өз атынан Алиді

(р.а.) өкіл тағайындап құрбан шалғызғаны дәлел.

Егер өкілі құрбан малды құрбан айт күндерінен

кешіктірер болса, құрбан малды немесе құнын кедей-

лерге садақа етіп таратуы керек

138

.

138

Фатауа Хиндия 5/302