Previous Page  78 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 78 / 112 Next Page
Page Background

78

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Құрбандықтың етін үлестіру жайлы Ибн Аббас

(р.а.) былай деп риуаят етеді:

ثُلُثٌ يُؤْكَلُ وَ يَدخِرُ، وَ ثُلُثٌ يَتَصَدقُ بِهِ، وَ ثُلُثٌ يَهْدِى

«

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шалған

құрбандығының үштен бірін

отбасына, үштен бірін

кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде

тарататын

»

141

.

Құранда:

فَإِذَا وَ جَبَتْ جُنُوبُهَا فَكُلُوا مِنْهَا وَ أَطْعِمُوا الْقَانِعَ وَ الْمُعْتَر

كَذَلِكَ سَخرْنَاهَا لَكُمْ لَعَلكُمْ تَشْكُرُونَ

«Сонда қашан олардың (малдың) жамбасы жер-

ге тисе (жаны шықса), жеңдер де, мұқтаждарға да,

мұқтаж емеске де жегізіңдер. Шүкір етулерің үшін

осылайша малды еріктеріңе бердік»

142

, – десе, енді

бір аятта:َ

فَكُلُوا مِنْهَا وَ أَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِير

«(Құрбан шалсын) одан өздерің де жеңдер, жоқ-

жітікке де жегізіңдер»

143

, – деген.

Нәпіл құрбан деген не?

Нәпіл сөздің мағынасы: парыз бен уәжіптен

тыс, пендеге міндеттелмеген құлшылықтар. Нәпілді

орындау – Аллаһқа жақындата түсетін сауабы мол

құлшылық болып табылады. Мысалы: дәрет алғаннан

соң оқылатын екі рәкат намаз, тәубе намазы, мешітке

141

Әбу Мұса Асфаһани

142

«Хаж» сүресі, 36-аят.

143

«Хаж» сүресі, 28-аят.