76
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Құрбанның орнына садақа берсем
бола ма?
Әрбір құлшылықтың өзіндік ерекшелігі болады.
Зекеттің, садақаның, құрбанның жеке дара сипаттары
мен шариғаттағы орны бар. Мысалы, жылына бір мәрте
зекетті кедейлерге беру арқылы зекет міндетін орын-
дайды, құрбан айт күні құрбан шалу арқылы Аллаһ
тағаланың шариғатқа енгізген міндетін орындаған бо-
лады. Бұл да құрбан айт күндері құрбан шалу, қан ағызу
арқылы жүзеге аспақ. Бұл жайлы Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
«
Адам баласы құрбан айт күні мал сойып,
қан шығарудан басқа сүйікті іспен Аллаһ тағалаға
жақындаған емес...»
деген.
Сондықтан кімде-кім
бай бола тұра, құрбан айт күндері құрбан шалып, қан
шығармайынша құрбан шалу міндетінен құтылмайды.
Ал кедейлерге құрбан шалу міндет болмағандықтан
олар ерікті. Егер кедей кісі құрбан шалса, екі амалды
да жасаған болады, біреуі құрбан шалып, қан ағызу,
екіншісі шалған құрбаны садақа орнына да санала-
ды
139
. Ал шариғатта садақа беруге еш уақытта тыйым
салынбаған, қалаған уақытында бере алады.
Әулие-әнбиелердің басына барып
құрбан шалуға бола ма?
Бұрынғы кісілер әулие-әнбиелердің басына барып,
Аллаһқа дұға етіп, тілек тілейтін. Әсіресе, ауқатты
адамдар зират басына барғанда, Аллаһтың атымен
«бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп құрбан шалып, етін
кедейлерге таратып, сауабын мәйітке бағыштайтын
болған. Ал бүгінгі таңда ата-бабаларымыздың осынау
139
әл-Иная шархул-Һидая 14/185