Previous Page  88 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 112 Next Page
Page Background

88

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

лай айтылғанымен, бүгінгі таңда жер бетінің барлық

жеріне адамзаттың үстемдігі орнағанын ескеріп,

бұрындары жабайы болып келген жануарлардың ендігі

жерде қолға үйретілген болып саналатыны жайлы да

пікірлер бар

161

.

Төрт мәзһабтың төртеуінде де шөппен қоректенетін

киік, арқар секілді еті адал жабайы жануарлардың

құрбандыққа шалынбайтыны жайлы анық үкім бар.

Бұлар қанша жерден қолға үйретілсе де, құрбандыққа

жарамсыз

162

.

Сонымен қатар үйрек, тауық, қаз секілділерді

құрбанға шалу дұрыс емес. Тіпті, бұларды құрбандыққа

шалу мәжусилерге (отқа табынушыларға) еліктеушілік

саналғандықтан, харамға жақын мәкрүһ болып табыла-

ды.

Жабайы аң мен үй жануарының

шағылысынан туған төлді

құрбандыққа шалуға бола ма?

Жабайы жануар мен үй жануарынан туған төлдің

үкімі жайлы мәзһабтар көзқарасы төмендегіше:

Ханбалилар бұл екеуінің төлін құрбандыққа шалуға

болмайды дейді.

Шафиғилар сиыр, қой және ешкінің өзі тұқымдас

жабайы аңдармен шағылысуынан туған төлді құрбан

етуге болатынын айтады. Тек жабайы аңның жасы

өзімен шағылысқан үй жануарының жасынан кіші бо-

луы шарт. Алайда қой мен ешкі өзімен шағылысқан

161

Норвегияда қазіргі күні киікті қолға үйретіп, дүкендерде

етін сатуда. Сібір жерін мекендейтін халықтар бұғыны қолда

асырайды.

162

Үкімі харамға жақын мәкрүһ