68
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
және намазы жамағатпен оқылған парыз намазы бо-
луы керек. Сондықтан жолаушы, құл, әйел кісі және
(себеппен) парыз намазды жеке оқитын адамға ташриқ
тәкбірін айту уәжіп емес. Алайда бұл аты аталғандар
имамға ұйып, жамағаттың қатарында тұрған болса,
жамағатпен бірге тәкбір айтады. Ал Әбу Юсуф пен
Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, адам мейлі жеке,
мейлі жамағатпен, ер не әйел, жолаушы не тұрғын бол-
сын, ташриқ тәкбірін айту – уәжіп. Ер кісілер ташриқ
тәкбірді жария, ал әйелдер іштей айтады
122
.
Құрбан айттың сүннеттері
Айт күндері ерте тұрып, мешітке барардың алдын-
да жуынып, жақсы иіссу себініп, ең жақсы киімді киіп,
мұсылман бауырларымен қуана жолығып, қолынан
келгенше садақа беріп, түндерін құлшылықпен өткізу
– мұстахап. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «
Кімде-
кім
ораза айт түні мен құрбан айт түнінің сауабын
Аллаһтан тілеп, сол түнді құлшылықпен өткізсе,
жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді
»
123
– де-
ген. Яғни, оның жүрегі иман нұрынан нәр алып тұрады.
Мұсылман бауырлар бір-бірін құттықтап, «ғафараллаһу
ләнә уа ләкум» (Аллаһ біздің де, сендердің де қате-
күнәларымызды кешірсін) немесе «тақаббалаллаһу
минна уа минкум» (Аллаһ бізден де, сіздерден де қабыл
етсін) деп дұға айтысады. Бұл – мәндүп.
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
құрбан айт күндері
жуынатын
124
. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
122
Раддул-мұхтар, 1/563
123
Марақи әл-Фәлах, 1/89; Фәтхул-қадир, 1/423.
124
Насбур-рая, 1/85.