65
Айт намазы
Екінші рәкат
6. Тік тұру
Имам «Бисмиллаһты» іштей, ал «Фа-
тиха» мен қосымша сүрені жария
оқиды. Міне, осыдан кейін алғашқы
рәкаттағыдай үш рет тәкбір алады.
7. Рүкүғ пен сәжде
Үш рет тәкбір алғанан кейін, төртінші
мәрте «Аллаһу әкбар» деп тәкбір алып,
рүкүғ пен сәждеге барады.
8. Дұғалардың оқылуы
Сәжде жасағаннан кейін отырып
«әт-тахият», «салауат», «рәббәнә»
дұғалары оқылады.
9. Екі жаққа сәлем беру
«Әс-сәләәму аләйкум уа
рахматуллаһ» деп, ал-
дымен оң жақ иығына,
сосын сол жағына сәлем
беріп
айт
намазын
тәмәмдайды.