62
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
сай келуі, жамағаттың жиналуы және елді-мекеннің бо-
луы секілді шарттар қарастырылуы керек. Тек құтбаның
үкімі бұдан тыс. Яғни, құтба жұма намазы үшін шарт
болса, айт намазы үшін шарт емес, тек сүннет қана.
Бұған қоса, құтба жұма намазынан бұрын оқылса, айт
күні айт намазынан кейін оқылады.
Жұма намазын оқу кімдерге міндеттелсе, айт на-
маздарын оқу да сол жандарға уәжіп. Яғни, айт намазы
жолаушыға, ауру-науқас адамға, құлға уәжіп емес.
Ханафи мен Мәлики мәзһабтарында әйелдердің
айт намазға баруына рұқсат жоқ. Дәлелдері Құран
кәрімдегі:
وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُن
«Үйлеріңде отырыңдар»
116
деген аят. Мешітке
қарағанда әйелдерге үйде оқудың абзалдығы түрлі
келеңсіздік, іріткі тудырмау мақсатында жасалған.
Қәрі әйелдер мұндай фитнаға себеп болмайтындықтан
олардың мешітке баруына рұқсат етілген
117
. Сонымен
қатар, Ханафи мәзһабының кейінгі ғалымдары іріткі
тудырмау шартымен әйелдер мешітке бала-шағасымен
барып, ислами мейрамдарды мерекелеп, уағыз тыңдап,
діни тәлім алып қайтуына рұқсат деген. Өйткені қазіргі
таңда ислами білім алуға мұқтаждық өте көп.
Айт намазы, күн найза бойы көтерілгенде оқылады.
Айт намазының уақыты күн шыққаннан жобамен жар-
ты сағат өткеннен кейін басталып, тал түске дейін
жалғасатын аралық. Айт намазын күн шығып келе
жатқанда күнмен жарыса немесе күн найза бойы
көтерілгенге дейінгі мәкрүһ уақытта оқу харам.
116
«Ахзаб» сүресі, 33-аят.
117
Уаһбату Зуһайли, 366.