59
Құрбандық
2.
Жаза һәди. Қажылық пен ұмра уәжіптерін орын-
дауда қандай да бір кемшілік кетсе немесе ихрам ты-
йымдарын бұзған жағдайда һәди құрбанын шалу ол
адамға – уәжіп.
3.
Ихсар һәди. Ол қажылыққа ниеттеніп ихрамға
кіріп қойған адамның дұшпан, ауру, жолдан адасып
қалу немесе ақшасын жоғалтып алу сияқты себептер-
мен қажылық немесе ұмра ғибадатын аяқтамай тұрып
ихрамнан шығуы. Мұндай жағдайдағы адам «мұхсар»
деп аталады. Құранда:
هِّ فَإِنْ أُحْصِرْتُمْ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْيِ
ِل َ
وَأَتِمّواْ الْحَج وَالْعُمْرَة
وَلَ تَحْلِقُواْ رُؤُوسَكُمْ حَتى يَبْلُغَ الْهَدْيُ مَحِلهُ
«Қажылық пен ұмраны Аллаһ үшін толық
орындаңдар. Егер бір қиындық кезіксе, онда ең
лайықты нәрсемен құрбандық беріңдер...»
112
– деген.
Аталмыш бөгеттерден шығу мүмкін болмаған
жағдайда кісі ихрамнан шығып, жаза ретінде құрбан
шалады. Құрбандық бір қой немесе бір ешкі. Ал түйе
немесе сиырды жеті адам бірігіп шалуына болады.
Һәди құрбанын шалудың орны мен
уақыты
Мейлі нәпіл, мейлі уәжіп болсын барлық һәди
құрбандары Харам аумағында шалынады. Құрбан
айттың үшінші күнінің ақшамына дейін шалынатын
құрбандардың Минада, басқа күндерде шалынатын
құрбандардың Меккеде шалынуы абзал.
Имам Әбу Ханифаның үкімі бойынша, тәматтуғ
және қиран құрбандарының құрбан айттың бірінші күні
112
«Бақара» сүресі, 196-аят.