Previous Page  55 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 112 Next Page
Page Background

55

Құрбандық

Нәзір құрбан шалуға ниет еткен адамның өзі, от-

басы, бала-шағасы, немерелері, әке-шешесі, ата-әжесі

құрбан малдың етінен жеуіне болмайды. Кедейлерге

таратуы керек. Егер етінен белгілі бір мөлшерде жеген

жағдайда сол мөлшерде садақа береді.

3. Ақиқа құрбаны

Араб тілінде «Ақиқа» деп жаңа туған нәрестенің

шашын айтады. Нәресте дүние есігін ашқанда не-

месе сәбидің шашын алатын күні шүкіршілік ретінде

шалынған құрбан «ақиқа» деп аталады.

Ханафи мәзһабында ақиқа құрбанын шалу –

мүбах

104

. Басқа үш мәзһабта ақиқа құрбанын шалу

– сүннет. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Ха-

сан мен Хүсейіннің (р.а.) екеуіне де арнап ақиқа

құрбанын шалған әрі жаңа туған ұл мен қызға ар-

нап мұсылмандардың құрбан шалуын мақұл көрген.

Әрине, сәбидің дүниеге келгенін туыс-туғандар, дос-

жарандарға хабарлап, қуаныштыбірге бөлісу құптарлық

іс. Шалынған құрбандықтың етінен қаласа үй иелері де

дәм татады, кедей-кепшіктерге садақа ретінде таратуы-

на да болады.

Сәбиге жеті күн толғанда ақиқа құрбанын шалу

– мұстахап. Осы күні құрбан шалғаннан кейін азан

шақырып ат қойып, шашын алу, шашының салмағын-

дай алтын немесе күмістен садақа беру – сүннет. Фати-

ма анамыз дүниеге Хасанды әкелгенде, пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

احْلِقِي رَأْسَهُ وَ تَصَدقِي بِزِنةِ شَعْرِهِ فِضة

104

Шариғат бойынша рұқсат етілген амал.