52
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Абыл бір қой әкеліп атады. Ал Қабыл егіншілікпен ай-
налысатын. Ол бір бума егінін құрбандыққа атады. Бір
кезде көктен бір от жарқ ете қалып, Абылдың құрбанын
өртеп жіберіп, құрбаны қабыл болып, Қабылдың егізін
алатын болады. Бұған Қабыл, әрине, разы болмай-
ды. Ақырында өзінің бауыры Абылды өлтіріп тына-
ды
99
. Осы оқиға Құранда былай баяндалады:
«Оларға
Адамның екі ұлы жайлы мына ақиқатты айт. Екеуі
де бір-бір құрбан шалды да, бірінің құрбаны қабыл
болып, екіншісінікі қабыл болмады. Құрбанықабыл
болмағаны бауырына «Мен сені өлтіремін» деді. Ал
бауыры оған «Аллаһ тек тақуалардікін ғана қабыл
алады. Ант етейін, сен мені өлтірмек болсаң да, мен
саған қол жұмсамаймын. Өйткені мен әлемнің Раб-
бы Аллаһтан қорқамын»
100
.
Басқа бір риуаятта Абыл мен Қабылдың қалың-
дыққа таласып қалғаны мүлде айтылмайды, тек әкелері
оларға Аллаһ үшін құрбан шалу керек екенін айтады.
Осыған қарап ғалымдар құрбандықтың тек мал сою
арқылы ғана орындалатынын анықтаған.
Тағы бір риуаятқа қарасақ, ол заманда садақа
беретін адам жоқтығынан екеуі Аллаһқа құрбан шалуға
мәжбүр болған
101
.
Нәзір құрбанының шарттары:
• Сойылатын мал құрбандыққа жарамды болуы
керек. Мысалы: тауық, қоян, түйетауық, т. б.
құрбандыққа жарамсыз жануарлардың атымен
нәзір етсе, нәзірі жарамсыз. Өйткені бұлардан
99
әл-Бакуи, Мир Мухаммед Кәрім, Кәшфүл-Хақайқ ән-Нитекул
аяти уәд-Дақайқ, «Мәида»27/307 тәпсірі.
100
«Мәида» сүресі, 27-31-аяттар.
101
Ибн Кәсир, Құран тәпсірі, 5/2201-2205.