51
Құрбандық
және өзгенің ақысына қол сұқпай осылардан жесін.
Расында Раббың өте кешірімді, ерекше мейірімді»
де»
97
, – деп, аққан қанды харам етілген нәрселермен
бірге атап өткен.
2. Нәзір құрбан
Араб тіліндегі «нәзір» сөзі – міндет емес амалды
Аллаһқа серт беру арқылы өзіне міндеттеуді білдіреді.
Мысалы, балам науқасынан жазылса, құрбандыққа бір
мал шалам деп атаса, баласы жазылғаннан кейін құрбан
шалуы оған уәжіп.
Құранда:
يَا أَيّهَا الذِينَ آمَنُواْ أَوْفُواْ بِالْعُقُودِ
«Әй, мүміндер! Уәделеріңді орындаңдар»
98
–
деп,
Аллаһқа берген сөзден таймауды, аталған істің орында-
луын қалайды. Адамның серт берген ісіне сай амал етуі
мұсылманның жақсы әдебін байқатады.
Нәзір құрбандығының тарихы
Адам пайғамбардың шариғаты бойынша, оның
ұлдары бауырының сыңарына үйленулері керек еді.
Қабыл Абылдың, Абыл Қабылдың егізіне. Бірақ Қабыл
бұған разы болмай, өзінің егізін алғысы келді. Абыл
оған көнбейді. Ақыры әкелерінің төрелігімен екеуі
шамасынша құрбандық атап, тау басына жеткізбек
болады. Екеуі де атаған құрбандарын тиісті жерге
жеткізгеннен кейін көктен бір от түсіп, екеуінің бірін
жағып жібермек. Кімнің құрбанын жағып жіберсе,
соның құрбаны қабыл болды деген сөз. Мал бағатын
97
«Әнғам» сүресі, 145-аят.
98
«Мәида» сүресі, 1-аят.