53
Құрбандық
Аллаһқа жақындау мақсатында құрбан шалын-
байды.
• Аталған құрбан өзіне міндеттелген құрбаннан
бөлек болуы керек. Мысалы, бай кісі «мынау
ісім алға басса, құрбан айтта құрбан шаламын»
десе, бұл шалған құрбаны нәзір құрбаны болып
саналмайды, басқа бір құрбан тағы шалуы қажет.
Өйткені құрбан айтта құрбан шалу бай кісіге
уәжіп, ал нәзір құрбаны тағы уәжіп, екі уәжіпті
бір құрбанмен өтей алмайды.
• Аталған нәрсе күнә іс болмауы керек. Мысалы,
«мынау ісім алға басса, өзімді Аллаһ жолында
құрбан етемін» деген секілді серт беру дұрыс
емес. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Кімде-
кім Аллаһқа құлшылық етемін деп серт берсе,
құлшылық етсін! Ал кімде-кім Аллаһқа қарсы
келемін деп серт берсе, қарсы келмесін!»
102
деп,
күнә істерде нәзір жасамау керектігін ескерткен.
Сонымен қатар «былай болса, Аллаһ үшін балам-
ды құрбан етемін» деген секілді нәзірлер дұрыс
емес. Мұндай жағдайда бір қой құрбан шалуы ке-
рек. Өйткені Ибраһим (а.с.) бір қой құрбандыққа
шалған.
• Нәзір еткенде басқа біреудің малынан атамау ке-
рек.Мысалы, «мына ісімболып кетсе, пәленшенің
малын құрбан шаламын» деп атау секілді.
Ханафи мәзһабында адамды Аллаһқа жақында-
татын нәзірлерді мүбәһ (рұқсат) санаған. Тіпті кейбір
ғалымдар нәзір пенденің құлшылық жасауына себеп
болады, сондықтан нәзір ету мұстахап деген.
102
Бұхари, ямин (ант), 28,31