Previous Page  58 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 58 / 112 Next Page
Page Background

58

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

ә) Уәжіп һәди

1.

Тәматтуғ

108

және қиран

109

қажылығын орын-

дағандарға һәди құрбанын шалу – уәжіп. Мұның дәлелі

Құран кәрімде:ِ

فَإِذَا أَمِنْتُمْ فَمَنْ تَمَتعَ بِالْعُمْرَةِ إِلَى الْحَجِّ فَمَا اسْتَيْسَرَ مِنَ الْهَدْي

«Егер (ауру-сырқау, жол қауіпсіздігі сияқты

бөгеттерден) аман болсаңдар, қажылыққа дейін

ұмраны орындаған кісі жағдайына қарай құрбан

шалсын»

110

, – деп һәди құрбанын шалу жайлы

айтылған.

Бұхари риуаят еткен хадисте:

أن رسُولَ اللِّ صَلى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلمَ نَحَرَ قَبْلَ أَنْ يَحْلِقَ، وَ أَمَرَ

بِذَلِكَ أَصْحَابِهِ

«Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шаш қысқартпай

тұрып құрбан шалды. Сахабаларға да осылай істеуді

бұйырды»

делінген

111

.

Құрбанның бұл түріне қой шалуға да болады.

Мұны құрбан айттың бірінші күні шалған абзал. Бірақ

екінші, үшінші күндері де шалуға рұқсат бар. Құрбан

шалушыға бұл шалған һәди малынан жеуіне болады.

Ханафи ғалымдары бұл құрбанды уәжіп дейді.

Себебі бір жылдың қажылық айларында ұмра мен

қажылық секілді екі ғибадатты бірден орындағандары

үшін шүкіршілік ретінде һәди құрбанын шалу керек.

108

Ұмра мен қажылықты бөлек-бөлек екі иһраммен бір жылда

орындау.

109

Қажылық пен ұмраны бір ихраммен орындау.

110

«Бақара» сүресі, 196-аят.

111

Сахих Бұхари, 1716