Previous Page  66 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 112 Next Page
Page Background

66

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Намаздан кейін имам мінберге шығып құтба

оқиды. Құтбада Аллаһқа шүкіршілік пен мақтау

айтылғаннан кейін

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә

илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа

лиллаһил-хамд»

деп тәкбір айтады. Жамағат бұл сөзді

имаммен бірге қайталайды. Имам айт құтбасын жұма

құтбасы секілді екіге бөліп, арасында аз кідіріспен

оқиды. Құрбан айт құтбасында құрбан шалу, тәкбірі

жайында сөз қозғайды.

Жұма құтбасындағы сүннет нәрселер айт

құтбаларында да сүннет. Мәкрүһ болған нәрселер айт

құтбасында да мәкрүһ.

Мешітке барар жолда тәшриқ тәкбірді жария

айтады. Мешітке келгенде намазға тұрғанға дейін

тәкбірді жамағатпен бірге айтады.

Ташриқ тәкбірі

Ташриқ тәкбірі зулхижжа айының тоғызы яғни

Арафа күні таң намазы уақытынан басталып, айттың

төртінші күні намаздыгер намазына дейін айтылады.

Ташриқ тәкбірі әрбір парыз намазының соңында

бір мәрте:

«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә илаһа

иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа

лиллаһил-хамд»

деп айтылады. Егер бірнеше рет ай-

там десе де кісінің өз еркінде. Парыз намаздың бітуі

мен ташриқ тәкбірінің арасын еш нәрсенің бөлмегені

дұрыс. Мысалы, мешіттен шығу, сөйлесу, әдейілеп

дәретті бұзу секілді.