Previous Page  43 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 112 Next Page
Page Background

43

Құрбандық

• Құрбандық малдың жүзін құбылаға қаратып, сол

жағымен жатқызып бауыздаған дұрыс. Малды

бауыздар алдында дұға ретінде мына аятты оқыса

болады:

هِّ رَبِّ الْعَالَمِينَ لَ

ِل

إن صَلَتِي وَ نُسُكِي وَ مَحْيَايَا وَ مَمَاتِي

شَرِيكَ لَهُ

«Инна салати уа нусуки уа махиайа уа мәмәти

лилләһи Раббил аламина лә шәрика ләһ».

Мағынасы: «Күмәнсіз, менің намазым, басқа

да ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл

әлемдердің Раббысы Аллаһ тағала үшін. Оның

еш серігі жоқ»

79

. Артынша:

اللُّ أَكْبَرُ، اللُّ أَكْبَرُ، لَ إِلَهَ إِاّ اللُّ وَ اللُّ أَكْبَرُ، اللُّ أَكْبَرُ وَ للِِّ

الْحَمْدُ

• «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу,

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһилхамд» –

деп кімнің атынан сойылып жатқаны ниет етіледі.

Артынша «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» – деп

малды бауыздайды. Арнайы дұғаны білмегендер:

«Құрбандығымды қабыл ала гөр! Бисмиллаһи,

Аллаһу әкбар!» деп ниет етіп, шала берсе бола-

ды. Дұғаны толық айту шарт емес.

Құрбандықты кімдер бауыздай

алады?

Құрбан малды бауыздауға мұсылман, балиғат

жасындағы жібі түзу ер адам бар бола тұра, әһликітапқа

(яһуди мен христианға) жатпайтын кәпірдің бауыздауы

79

«Әнғам» сүресі, 162-аят.