Previous Page  40 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 112 Next Page
Page Background

40

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

«Кімде-кім намаздан бұрын сойса, орнына

басқасын құрбандыққа шалсын»

69

деп ескерткен. Ал

жалғыз-жарым таулы жерлердегі отырықшы халық айт

намазы оқылып болатындай уақыт күтіп, содан кейін

құрбан малдарын шала береді.

Егер қателікпен (біреудің қателесіп айтуымен) бір

күн бұрын намаз оқылып, құрбан шалынса, оқыған на-

мазы, шалған құрбандары дұрыс саналады. Өйткені

мұндай қателіктен сақтану қиындық тудырады. Егер

құрбандыққа арнаған мал айттың үш күнінде сойыл-

маса, садақа ретінде кедейлерге таратылады, ал егер

ол мал өліп қалса немесе жоғалып кетсе, оның құнын

кедейлерге таратады. Ендігі жылғы құрбан айтқа

қалдырмайды

70

.

3.

Сойылатын мал құрбан ниетімен бауыздалуы ке-

рек. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

إِنمَا الَْعْمَالُ بِالنِّيَات

«Барлық амалдар ниетке байланысты»

71

, – деген.

Тағы бір хадисте:

لَ عَمَلَ لِمَنْ لَ نِيةَ لَهُ

«Ниетсіз амал жарамсыз»

72

делінген. Өйткені кейде

адам малды азық үшін сойса, кейде жоқ-жітікке тара-

ту үшін немесе дүниеден өткен марқұмдардың атынан

шалуы мүмкін. Бұлардың ара жігін ниет ажыратып

тұрады.

69

Бұхари 7/132

70

Делиллериле ислам илмихали, Хамди Дөндірен, 612 б. Станбул

1991ж

71

Мүслим, Имара, 155; Бұхари, Бәдул-Уахи, 1

72

Сүнәну Байһақи, 1/41, 182