Previous Page  45 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 45 / 112 Next Page
Page Background

45

Құрбандық

يَا رَسُولَ اللِّ هَذَا لَنَا أَهْلَ الْبَيْتِ خَاصةً، أَوْ لَنَا وَ لِلْمُسْلِمِينَ

عَامةً؟ قَالَ: لَ، بَلْ لَنَا وَ لِلْمُسْلِمِينَ عَامةً

«

Фатима! Құрбаныңды сойғанда жанында бол,

өйткені аққан қанның алғашқы тамшысымен сенің

бүкіл күнәларың кешіріледі»

. Сол кезде Фатима (р.а.):

«Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл тек Мұхаммедтің ұрпағына

тиесілі ме? Жоқ әлде Мұхаммедтің ұрпағына әрі бар-

ша мұсылмандарға қатысты ма?» деп сұрайды. Сонда

пайғамбарымыз

(саллаллаһуаләйһи уәсәлләм)

: «

Бұл –Мұхаммедтің

ұрпағына әрі барлық мұсылмандарға қатысты»

деп

жауап береді

83

.

Құрбан шалғанда екі адамның құрбандық малы

байқаусызда ауысып шалынып кетсе, екеуінің де

құрбандары жарамды. Екеуі де өз құрбандарын

бауыздалған күйде қайтарып алып, қалауынша

қолданады. Егер қателесіп шалған құрбандарын жеп не-

месе кедейлерге таратып қойса, өзара кешіріседі. Алай-

да екеуінің біреуі құрбанның етін ысырап қылып жоқ

қылса, құрбанның бірінші иесіне шығынын төлейді

84

.

Құрбан шалу тәсілі

Құрбандыққа шалынатын сиыр, қой және ешкі ма-

лын жерге жатқызып, кеңірдегінен бауыздайды. Бұлай

бауыздауға араб тілінде «забх» сөзі қолданылады. Ал

түйені түрегеп тұрған қалпында, алдыңғы сол аяғы бай-

ланып, көкірегінің жоғары тұсынан бауыздайды. Бұлай

шалуға араб тілінде «нахр» делінеді

85

.

83

Байһақи, Сүнән 9/283

84

Ихтияр, Адахи

85

Бир мусулманын йол харитасы, 590б.