Previous Page  44 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 44 / 112 Next Page
Page Background

44

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

дұрыс емес. Егер әһликітап иесі өз шариғаттарындағы

халалды халал, харамды харам деп білсе, бауыздаған

малының етінен жеуге болады. Алайда христиан мен

яһудилердің мұсылман кісіге өкіл болып, құрбан ша-

луы – мәкрүһ. Мәжусидің (отқа табынушы) мұсылманға

өкіл болып құрбан шалуы – харам

80

.

Әйел кісі құрбан малды бауыздаса, шалынған

құрбандық дұрыс саналады. Бұған дәлел Кәғб ибн

Мәліктің қойын бағатын бақташы күң, ауырған бір мал-

ды өткір таспен бауыздайды. Сосын пайғамбарымыздан

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Бұл малдың етінен жеуге бола ма?»

деп сұрағанда, «Иә, жеңдер»

81

, – деген жауап естіген.

Ер адам болған жағдайда ер адамның бауыздағаны аб-

зал. Есі кірмеген сәбидің, ақылынан адасқан кісінің не-

месе мас адамның мал бауыздауы дұрыс емес. Өйткені

құрбан шалу барысында ниет ету және «Бисмилләһи,

Аллаһу әкбар» деп айту сияқты талаптар толық орын-

далмай қалуы мүмкін. Ал мылқау мұсылманның

бауыздаған малын жеуге болады.

Құрбандыққа арнаған малы буаз болып, ол төлдесе,

төлін сатып садақа ретінде кедейге береді немесе оны

да құрбандыққа шалады

82

.

Құрбан иесі мал бауыздай алмайтын болса, орны-

на басқа біреу шалғаны дұрыс. Бұндайда құрбан иесіне

оның жанында тұруы мұстахап. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

Фатима анамызға былай деген:

يَا فَاطِمَةُ قُومِي إِلَى أُضْحِيتِكِ فَاشْهَدِيهَا فَإِن لَكِ بِأَولِ قَطْرَةٍ

تَقْطُرُ مِنْ دَمِهَا أَنْ يُغْفَرَ لَكِ مَا سَلَفَ مِنْ ذُنُوبِكِ، فَقَالَتْ فَاطِمَةُ:

80

У. Зуһайли. Фиқһу сунна уа адиллатуһу, 625б.

81

Бұхари, (Нәйлүл-әутар: 8/138).

82

Х. Дөндүрен: Ислам илмихали: Адахи, 618б.