41
Құрбандық
4.
Құрбан шаларда «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» деп
айту
. Егер басқа біреуді өкіл ретінде тағайындап құрбан
шалдырса, өкіл адамның «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар»
– деп айтуы шарт. Өкілдікке беруші де “Бисмиллаһи,
Аллаһу акбар” деп қоса айтқаны жөн.
Әнас (р.а.) былай деді:
ضَحى رَسولُ اللِّ صَلى اللُّ عَلَيْهِ وَ سَلمَ بِكَبْشَيْنِ أَمْلَحَيْنِ
أَقْرَنَيْنِ، قَالَ: وَ رَأَيْتُهُ يَذْبَحُهُمَا بِيَدِهِ، وَ رَأَيْتُهُ وَاضِعًا قَدَمَهُ عَلَى
صِفَاحِهِمَا، وَ سَمى وَ كَبر
«Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мүйіздері
үлкен екі боз қошқарды құрбандыққа шалды. Шалар-
да құрбан малды бүйірімен жатқызып: «Бисмилләһи,
Аллаһу әкбар» деп өз қолымен бауыздағанын көрдім»
73
.
Біле тұра әдейі
«Бисмилләһ»
деп айтпаса, Ханафи
мәзһабында ол малдың етін жеуге болмайды. Өйткені
Аллаһтың аты айтылмай бауыздалған малдың етін жеу
– харам. Бұл турасында Құранда:
وَ لَ تَأْكُلُوا مِما لَمْ يُذْكَرِ اسْمُ اللِّ عَلَيْهِ وَ إِنهُ لَفِسْقٌ ۗ
«Аллаһтың аты аталмай (бауыздалған мал-
ды) жемеңдер. Күдіксіз, бұл арам нәрсе»
74
, – деп
ескертілген. Алайда құрбан шаларда «бисмиллаһ» деп
айтуды ұмытып қетсе, әдейілеп істемегендігі үшін еті
адал
75
.
Ескерту:
Техниканың көмегімен мал бауыздала-
тын қазіргі уақытта да осы талаптардың сақталуын
қадағалаған жөн.
73
Сүнән Тирмизи. Китабу адаһи 1494
74
«Әнғам» сүресі, 121-аят.
75
Ихтияр итағлилил мұхтар, Китабул забаих, 1/51