Previous Page  36 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 112 Next Page
Page Background

36

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

уәжіп. Ал егер де тұрғын біреу құрбан айттың алғашқы

уақытында сапарға шығып кетсе, одан құрбан шалу

уәжіптігі түседі

57

.

Ханафи мәзһабынан басқа үш мәзһабта жолаушы-

ның құрбан шалуы – сүннет. Сондай-ақ жолаушының

жеке өзі немесе тұрғындармен бірігіп құрбан шалуына

рұқсат бар. Өйткені қазіргі таңда жолаушыға жағдай

жасалғандықтан, бұрынғыдай аса қиындық туындамау-

да

58

. Құрбан айтқа берілген демалыс күндерінде жақын

туыстарын аралауға сапарға шыққандар мұндай сауап-

ты істен құр қалмау үшін құрбан шала алады. Өздері

шалуға мүмкіндік таппаса, өкіл тағайындап құрбан

шалдырады немесе жолаушылап барған жерде шалады.

4. Балиғат жасына толып, ақыл-есі

сау болуы

Балиғатқа толмаған, ақыл-есі кем адамдардың

құрбан шалуы міндетті емес.

Ханафи мәзһабында балиғатқа толмаған бала мен

ақыл- есінен адасқан кісіге тиесілі малдан құрбан шалу

жайлы екі түрлі көзқарас бар. Әбу Ханифа мен Әбу

Юсуф құрбан шалушының балиғатқа толуы мен ақыл-

есі сау болуы шарт емес, бұлардың нисап көлеміндегі

байлықтарынан құрбан шалынуы керек деген. Ал Имам

Мұхаммед бұлардың байлығынан құрбан шалу дұрыс

еместігін айтып, құрбан міндеттелу үшін адамның

ақыл-есі сау, балиғатқа толған болуы керектігін алға

тартқан

59

. Кейінгі фиқһ ғалымдары: балиғатқа толмаған

бала мен ақыл-есінен адасқан кісінің малынан құрбан

57

Бадаиғ уа санайғ, Китабу тадхия, 4/495

58

У. Зуһайли, әл-Фиқһул ислами уа адиллатуһу, 3/603

59

У. Зуһайли, әл-Фиқһул ислами уа адиллатуһу, 3/604