33
Құрбандық
«Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал»
48
, –
деп әмір етілуі құрбан шалудың уәжіп екенін білдіреді
деген
49
. Көптеген Ислам ғалымдары бұл аяттағы
«
құрбан шал»
деген бұйрықтың құрбан айтта түсіп,
мұсылмандарға жеткізілгенін айтуда. Сонымен қатар
Пайғамбарымыз да
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
مَنْ وَجَدَ سَعَة فَلَمْ يُضَحِّ فَلَ يَقْرَبَن مُصَلّنَا
«
Кімде-кім мүмкіндігі бола тұрып құрбан шалма-
са, намаз оқитын жерімізге жақындамасын
», – деп
қатаң ескерткен
50
. Яғни, мүмкіндігі бола тұра құрбан
шалмағандар мешітімізге келмесін деген ескерту бұл
істің маңыздылығын әрі үкім жағынан уәжіптігін
білдіруде.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
يَا أَيّهَا الناسُ عَلَى كُلِّ أَهْلِ بَيْتٍ فِى كُلِّ عَامٍ أُضْحِيةٌ
«Уа, халайық! Жыл сайын әр үйге құрбан шалу
керек»
51
дей отырып, өзі де жыл сайын құрбан шалған.
Тіпті айт намазынан бұрын шалынған малдың жарам-
сыз екенін білдіріп, қайтадан құрбан шалу керектігін
айтуы, құрбан шалудың бір міндет, бір уәжіп екендігін
білдіреді.
48
«Кәусар» сүресі, 2-аят.
49
Құрбан шалудың парыз емес уәжіп болу себебі: бұл аят көпше
түрде емес жекеше түрде бұйрық райында «құрбан шал»
деп, тек Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұйырылып
тұрғандай болуы. Сондықтан барша мұсылман жұртшылығына
парыз деп айту үшін аят көпше түрде келуі керек. Осы тұрғыда
ғұламалар арасында түрлі пікір бар. Сондықтан бұл Құран
аятының бұйрығын шамасы жеткен барша мұсылмандарға
орындау уәжіп делінген.
50
Ахмед ибн Ханбал; Ибн Мажә; Нәйлүл-әутар, 5/108
51
Сүнәну Байһақи 2 / 252 хадис 19824