34
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «
Құрбан
шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның
сүннеті
», – деген хадистегі «
Құрбан шалыңдар!
»
деген бұйрығы құрбан шалудың уәжіп екендігін
айқындай түседі
52
. Ал хадисте айтылған «сүннет»
– жол деген мағынаны білдіреді. Яғни, бізге уәжіп
ретінде міндеттелген құрбан шалу – Ибраһим (а.с.)
пайғамбардан жібін үзбей келген ізгі жол деген
мағынаны меңзейді
53
. «Құрбан» сөзі Құран кәрім бо-
йынша үш жерде айтылған. Олар: «Али-имран» сүресі,
182-аят, «Маида» сүресі, 27-аят, «Ахқаф» сүресі, 28-
аят. Ал құрбан мағынасында Құранда 20 дан астам аят-
тармен қоса көптеген хадистер бар.
Құрбан шалушы адамға қойылатын
шарттар
1. Мұсылман болуы
Кәпір адамға құрбан шалу міндет емес.
Өйткені
құрбан шалу пендені Аллаһқа жақындататын
құлшылық. Кәпірде ондай ниет жоқ. Егер біреу құрбан
айт күндері мұсылмандықты қабылдап, құрбан шалуға
жағдайы бар, ауқатты адам болса, оған құрбан шалу
уәжіп
54
.
2. Бай болуы
Кедей адамға құрбан шалу міндет емес. «Китабул-
ұдхия» кітабында бұл туралы:
وَ لَيْسَ عَلَى الْفَقِيرِ وَ الْمُسَافِرِ أُضْحِيةٌ
52
Бадаиғ уа санайғ, Китабу тадхия, 4/495
53
М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы, Ислам ғылымхалы, «Нұр-
Мүбәрак» баспасы, Алматы, 2008 ж. 397б.
54
Бадаиғ уа санайғ, Китабу тадхия, 4/495