32
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
1. Құрбан айтта шалынатын құрбан
(ұдһия
43
)
Құрбанның шариғаттаға орны
Құрбан шалу пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударғаннан
кейін, хижреттің екінші жылы шариғатқа енді.
Шариғатымыздағы құрбан шалу ғибадатының үкімі
жайлы ғұламалар арасында әр түрлі пікір бар. Әбу
Ханифа шамасы жеткен
44
, тұрғын адамның жылы-
на бір мәрте құрбан шалуы – уәжіп десе, Әбу Юсуф
пен Мұхаммед бекітілген сүннет деген
45
. Шафиғи
мәзһабында мұсылман адамның өмірінде бір мәрте
құрбаншалуы «сүннет айн»
46
, ал отбасында адамдар көп
болса «сүннет кифая», яғни, отбасында біреуі құрбан
шалса, барлығы үшін шалған болып есептеледі
47
.
Әбу Ханифаның дәлелі: Құранда:
فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَ انْحَرْ
43
Құрбан айт күндері қажылыққа бармай елде қалған адамдардың
шалатын құрбанын фиқһ кітаптарында «ұдхия» дейді. Мұны
түркі халқы жалпы «құрбан» сөзімен түсіндіріп, қолданысқа
енгізген. Ұдхия сөзі араб тіліндегі «духа» (сәске) деген сөзбен
түбірлес. Бұлай аталу себебі ұдхия құрбанын духа (сәске)
уақытында шалғандықтан.
44
Ханафи мәзһабында: негізгі қажеттіліктерінен артық, нисап
көлеміндей байлығы (85 грамм алтын немесе 595 грамм күмісі
бар немесе соның құнына тең байлығы) бар адамға құрбан
шалу – уәжіп.
45
Лубаб: Шархул-китаб, 3/232
46
Сүннет айн – әрбір адамның жеке басына сүннет. Сүннет
кифая – бір отбасыдан бір кісі құрбан шалса жеткілікті.
47
У. Зуһайли, Фиқһул сунна уа адиллатуһу: 596 б.