28
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
бір асым етіне мұқтаж емес. Әрі ол Аллаһтың құзырына
жетпейді де. Құранда:ْ
لَنْ يَنَالَ اللَّ لُحُومُهَا وَ لَ دِمَاؤُهَا وَ لَٰكِنْ يَنَالُهُ التقْوَىٰ مِنْكُم
«Олардың (құрбан малының) еттері де,
қандары да Аллаһ тағалаға жетпейді. Сендердің
тақуалықтарың ғана жетеді»
39
десе, Айша анамыз
(р.а.) жеткізген хадисте пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
: «
Адам баласы құрбан айт күні мал сойып,
қан шығарудан басқа сүйікті іспен Аллаһ тағалаға
жақындаған емес. Құрбандыққа шалынған мал
қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен
келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып Аллаһ
тағаланың құзырында биік дәрежеге жетеді.
Сондықтан құрбандарыңды шынайы ризашылықпен
шалыңдар
»
40
дей отырып, Ислам дінінің мақсаты, әр
адамның иманының кемелдігі, құлшылықтағы тереңдігі
– тақуалық екенін баса айтады. Сондықтан құрбан шалу
тақуа болуға шақырады, тақуалықты арттыру аса қажет
екендігін білдіреді.
Құрбан шалу Абылдан басталған
Алғашқы адам және алғашқы пайғамбар хазірет
Адамның екі ұлы Абыл мен Қабылдар бастаған
құрбан шалу үрдісі діни ғибадат ретінде пайғамбарлар
тізбегімен ұрпақтан ұрпаққа жетіп, хазірет Ибраһим
мен Исмайылдың Қағбаны қайта тұрғызып, Ибраһим
пайғамбардың қажылыққа шақыруымен жалғасып,
кейін тағы да бірнеше ғасырдан кейін хазірет
Мұхаммед пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
39
«Хаж» сүресі, 37-аят.
40
Тирмизи, Адахи, 1.