Previous Page  26 / 112 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 112 Next Page
Page Background

26

Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)

Құрбан шалу – сараңдықтан

сақтайды

Құрбан шалу – сараңдық сияқты жаман әдеттерден

айығудың таптырмас емі.

Әбу Хұрайра (р.а.) жеткізген хадисте:

«Бір кісі

пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

келіп: «Қандай

садақаның сауабы көп?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оған: «Денсаулығың мықты кез-

де бойыңды сараңдық билеп, байыған үстіне баюды

көздегеніңде берген садақаның сауабы мол. Зекет пен

садақаны жан алқымға келіп, өлім аузындағы сәтке

дейін кешіктіруші болма. Өйткені өлген соң жиған-

терген дүниең онсыз да жұртқа таратылады» деп

жауап береді»

34

.

Садақаға қарағанда, құрбан айтта құрбан шалудың

сауабы мол әрі ол мұсылманның мойнындағы міндет.

Сондықтан құрбан шалған адам, біріншіден, міндетін

орындаған болса, екіншіден, сараңдықтан туындай-

тын ар-ождан азабынан құтылып, кедейлердің ақысын

береді. Бір хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

إن اللَ جَعَلَ فِي أَموَالِ الَغنِياءِ بِالقَدرِ الذِي يَسَعُ فُقَرَاءَهُمْ وَلَنْ

ًيُجْهَدَ الفُقَرَاءُ إِذَا جَاعُوا أَو عَرّوا إِلّ بِمَا يَصنَعُ أَغنِيَاؤُهُم، أَلَ

وَإِنْ اللَ مُحَاسِبَهُم عَلَى ذَلِكَ فَمُعَاقِبُهُم فَمُعَذِّبُهُم َعذَاباً شَدِيدا

«Расында Аллаһ мұсылман байлардың малынан

кембағалдарына жетерлік мөлшерін парыз еткен.

Әлбетте, кембағалдардың аш-жалаңаш қалуы

байлардың сараңдығынан. Қаперлеріңде жүрсін!

Аллаһ оларды (байларды) қатаң сұраққа тартып,

34

Бұхари, Зәкәт 11/уәсая 17; Мүслим, Зекет 92.