22
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
мұртыңды қырып, толық тазаланып, тырнағыңды
алсаң, осының өзі саған құрбан шалғанға тең»
деген
.
Осыған қарағанда бұл күні құрбан шалуға шамасы
жетпеген адамның әбден тазаланып, мерекелік көңіл-
күймен құрбан айтты атап өтуі де құрбан шалғандай
сауапқа кенелтеді.
Қалталы мұсылмандар өздеріне тиесілі бір
құрбанмен ғана шектеліп қоймай, пайғамбарымыз
секілді кедей-кепшіктің атынан да құрбан шалғандары
жөн. Әрине, бұл ешқандай да діни міндеттілік емес,
бірақ мұның бәрі айналып келгенде кісінің тақуалығына
байланысты.
Құрбан шалу – мұсылмандықтың
нышаны
Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана
шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі,
дінге бекемдігі, тақуалығы таразыға түседі. Сондықтан
да Аллаһ тағала маңызды санаған нәрсеге біздің де аса
мән беруіміз керек. Діннің нышандарын құрметтеу
адамның имандылығы мен тақуалығын білдіреді.
Дінімізде құрбан айт, ораза айт, Сафа мен Мәруа
төбелері секілді мұсылмандардың мейрамдарын,
нышандарын құрметтеу терең сенімнен туындай-
ды. Нышандардың маңызды болу себебі оларды әр
көргенде, ол жайлы естігенде Аллаһ тағаланы еске
түсіретіндігінен туындайды. Құранда Сафа мен Мәруа
төбелері діннің белгісі екендігі жайлы
«Шындығында
Сафуа мен Мәруа Аллаһтың нышандарынан»
26
–
26
«Бақара» сүресі, 185-аят.