25
Құрбан шалудың хикметтері
басқаларға жегізіңдер, отбасыларыңа азық етіңдер.
Ал өткен жылы халық арасында таршылық көргендер
көп болды. Аллаһ тағала кедей халыққа жәрдем
берулеріңді қалады
»
30
дейді.
Әлемде көптеген мал сойылыпжатады. Бірақ сол со
йылған малдың еттері кедей-кепшіктердің бәріне жете
бермейді. Міне, құрбан айтта осы кедей, жағдайы на-
шар адамдардың жағдайы ойластырылады. Ең болмаса,
бір тойындырып, олардың жүзіне шаттық сыйлайды.
Көңілі сынық кедейге мұсылмандық жанашырлық та
нытып, қол ұшын беру қандай ғанибет
31
.
Қоғам арасында жағдайы өте төмен отбасылар бар.
Бай адамды кедей адаммен сынаған Аллаһ тағала «
Ке-
дейлерге беріңдер, ол өздерің үшін қайырлы
»
32
деп,
байлардың қолындағы сынақ үшін берілген дүниені
ақырет сауабына алмастыруды міндеттеген.
Құранда кедейлерді Аллаһ тағала былай деп сипат-
тайды:
«Білмегендер абырой сақтағандықтарына
қарап оларды бай деп ойлайды. Оларды бейнесінен-
ақ танисың. Олар адамдардан тіленіп сұрамайды»
33
деп, кедейлердің көшеде тіленшілік жасамайтындығын,
абыройлы екендігін айтқан. Сондықтан бай
мұсылмандар кедейлерді осындай құрбан мейрамын-
да қуантулары керек. Кедейлердің көшеге шығып,
тіленшілік жасауы байлардың оларға қараспауынан ту-
ындауда.
30
Абдулатиф Забуни – мұхтасар сахих Бұхари, Тажрид сарихтың
түрікше түсіндірмесі мен аудармасы 12 т. 34 б. 1886ж. Анкара,
1973ж.
31
«Құрбан айт» кітапшасы, Алматы, 2007.
32
«Бақара» сүресі, 270-аят.
33
«Бақара» сүресі, 272-аят.