29
Құрбан шалудың хикметтері
жеткен. Пайғамбарымыз хижреттің екінші жылын-
да хазірет Ибраһимнің сүннеті ретінде қажылықта
һәди
41
құрбандығын шалса, қажылыққа келмеген
мұсылмандар ұдхия
42
құрбанын шалуды дәстүр еткен.
Құрбан шалудың тарихына көз жүгірткенімізде
бұл ғибадаттың төменнен жоғарыға қарай, жекеден
жалпыға қарай өсіп отырғанын көреміз. Құрбандық
әуелде нәзір құрбандығымен басталып, хазірет
Ибраһимнің заманында һәди құрбандығына айна-
лып, пайғамбарымыздың заманында Мекке дәуірінде
шүкір құрбандығы, кейін Мәдина дәуірінде ұдхия
құрбандығына айналған.
41
Қажылықтағы мұсылмандардың соятын құрбандығы.
42
Қажылыққа бармаған мұсылмандардың құрбан айттың үш
күнінде шалатын құрбандығы.