37
Құрбандық
шалуға болмайды. Өйткені бұлай істеу біреудің
байлығына қол сұғу болып табылады деген
60
.
Егер бұл екеуінің байлығынан құрбан шалынуы
қажет болса, бұлардың ең жақын туыстары немесе
қамқоршысы шалғаны дұрыс.
Әлдекім өзінің баласы үшін құрбан шалам десе,
рұқсат етіледі.
Құрбандыққа шалынатын мал
Ислам ғұламалары қой, ешкі, сиыр (буйвол), түйені
құрбандыққа шалуға болатындығына бір ауыздан
келіседі. Құранда бұл жайлы:
وَ لِكُلِّ أُمةٍ جَعَلْنَا مَنسَكاً لِيَذْكُرُوا اسْمَ اللِّ عَلَى مَا رَزَقَهُم مِّن
بَهِيمَةِ الَْنْعَامِ
«Біз әрбір үмбет үшін өздеріне берген малы-
нан Аллаһтың ғана атын атап, құрбан шалуды
бекіттік»
61
– деген.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
құрбандыққа
қошқар шалған. Алайда төрт түлік малдың қайсысын
шалам десе, әркімнің өз еркінде. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бен сахабалардың төрт түлік малдан
басқаны құрбандыққа шалғаны жайлы дерек жоқ. Қой
мен ешкіні жеке адам шалса, түйе немесе сиырды жеті
адамға дейін бірігіп шалуға болады. Түйе мен сиырды
бірігіп шалатындардың ниеттері Аллаһқа жақындау бо-
луы тиіс. Олардың бірі шүкіршілік, бірі жаза, бірі нәзір,
енді бірі нәпіл немесе ұдһия секілді түрлі мақсатта
60
Бадаиғ уа санайғ, Китабу тадхия, 4/495
61
«Хаж» сүресі, 34-аят.