16
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
тұрғыдан келгенде өзіне өзі жақсылық жасамайтын кім
бар? Құрбан шалу да осы тұрғыдан адамның өзі үшін.
Екінші жағынан садақа беру де, құрбан шалу
да мына дүниеде өзгеге кеткенімен, өзіміздің шын
байлығымыз солар болмақ. Бірде Айша анамыз (р.а.)
нәзір құрбанын шалып, бір жауырыннан басқасының
бәрін таратып жібереді. Пайғамбарымыз келіп
шалынған мал жайында сұрағанда, Айша анамыз бір
жауырыннан басқа барлық етін таратып жібергенін ай-
тады. Сонда пайғамбарымыз:
«Демек, сол жауырыннан
басқа бүкіл еті бізде қалды десеңші»
дейді
14
. Демек
жегеніміз емес, жегізгеніміздің біздікі болғаны. Осы
жерде мына бір хадисті де қоса кеткеніміз жөн:
«Кімде-
кім аш кісіні тойдырса, Аллаһ оған жұмақтың жемісін
жегізеді. Кімде-кім біреудің шөлін қандырса, қиямет
күні Аллаһ оған тап-таза сусын ұсынады. Жалаңаш
адамды киіндірген жанды Аллаһ тағала жұмақтың
жасыл киімдерімен киіндіреді».
Пайғамбарымыздың айтуынша, Аллаһ тағала бізге
былай дейді:
«Әй, адамзат, Аллаһ сендерге берсін
десең, сендер де өзгелерге беріңдер»
15
.
Демек, берген
адам өзгеге емес, өзіне беріп жатқанын түсінуі тиіс.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Ақылды
кісі – нәпсісіне ие бола алатын және ақыреті үшін
алаңдайтын адам. Ал ақымақ адам – нәпсісіне еріп,
дүниенің бас айналдырар қызығына беріле жүріп
Аллаһтан кешірім күткен адам»
дегені бар.
Баяғыда бір оқымысты байдан «Малды жақсы
көресің бе, әлде күнәні жақсы көресің бе?» деп сұрапты.
«Әрине, малды жақсы көремін» деп жауап беріпті
14
Тирмизи, Қияма, 33.
15
Бұхари мен Мүслим риуаят етеді.