14
Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)
секілді қасиетті күндердің таңы. Кей ғалымдардың ай-
туынша құрбан айт күнінің таңы. Ал «
он түн
» дегені
зулһиджаның алғашқы 10 күні дегені. Ал құрбан айттың
алғашқы күні осы зулһиджаның 10 күніне сай келеді
9
.
Ендеше, құрбан айттың алғашқы күні мен таңына
Аллаһ тағала ант еткен қасиетті күн мен түн саналмақ.
Және пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде
«
Аллаһ құзырындағы күндердің ең маңыздысы – құрбан
айттың бірінші және екінші күні
»
10
деген.
Қыл көпірдің көлігі
Шалынған құрбан малы ақыретте адам баласын
өтуі қиын қыл көпірден өткізетін көлік болады. Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «м
алдың ең жақсысы мен
әдемісін шалыңдар, өйткені ол қыл көпірде өздеріңе
көлік болады
»
11
– дейді.
Қыл көпірде тозаққа сүйреген шеңгел арасымен
құлап сүрініп өткен жақсы ма, әлде дүниедегі шалған
құрбаныңның көзді ашып-жұмғанша жұмаққа алып
барғаны жақсы ма?
Құрбан шалу – сауабы мол құлшылық
Құрбан шалу – адам баласын жоқтан бар етіп,
жер бетіне халифа (мұрагер) қылған жаратушы Ұлы
Аллаһтың сансыз нығметтеріне шүкіршілік етудің
көрінісі. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһ
разылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін
сауап бар екенін айтып, былай сүйіншілеген:
9
Сайд Қутуп, Фи зилали Құран.
10
Суюти, Жамиус-сағир 2/3.
11
Мүнауи, Файзул-қадир 1/496.