(
3
АЛªÛ Ñ¯Ç
"ХИКМЕТ"
баспа үйі
Алғы сөз
Бізді, ғаламның мақтанышы Пайғамбарымызға (с.а.у.) үмбет болу
бақытын нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ!
Барша ғаламға рақым нұры ретінде жіберілген әрі үмбетіне үлгі
боларлық кісілігімен өзіндей теңдесі жоқ
«өркениет шыңында ізгілікке
толы ғұмыр кешу»
қағидаттарын үйреткен Пайғамбарымыз Хазірет
Мұхаммед Мұстафаға шексіз салауат пен сәлем болғай!
Күллі жаратылыстарының ішінде адам баласын
«фи ахсани тақуим»
ең көркем пішінде жаратқан Аллаһ – құлының барша ғұмырындағы іс-
әрекетінің, құлшылығының, мәңгі-бақилық о дүниелік дайындығының
ең керемет кейіпте жүзеге асуын қалайды. Өйткені, Раббымыз жер
бетіндегі халифасының өзіне лайық мәртебеде ғұмыр кешуін сүйеді.
Кейін оған о дүниеде мәңгі-бақи тұрақтайтын мекені жәннатты және
Өзінің дидарын көруді сыйға тартуды мұрат етеді.
Сондықтан, адамзат баласының ақтық деміне дейінгі барлық өмірін
көркем түрде
«ізгілікке толы ортада»
өткізуі, адамшылықтың нағыз
өзі болмақ. Өйткені, әрбір құнды нәрсе, өзіне лайық құндылығымен
бағалануықажет. Егер оның құндылығытеріс немесежаңылыс бағаланса,
оған залал тигізуі әбден мүмкін.
Мысалы: бриллиант, жақұт тастар тобына жатады. Бұл құнды тастар
ең жақсы нәрселерге қолданылады. Әрі ерекше сақталады. Қарапайым
майда тастар болса, жолдағы шұңқырларды бітеу секілді ұсақ-түйек
істерге жарайды. Осылай бола тұрып құнды тастарды бәрібір тас қой
деп нашар жолдың шұңқырларын бітеуге қолдану нағыз барып тұрған
ақымақтық емес пе?
Мінекей осы секілді, күллі жаратылыстың ең абзалы адамзат баласы
ізгілікке толы ғұмыр кешудің орнына, ғапылдықтың батпағына батып
өмір сүруі барып тұрған ақымақтық. Тіпті одан бетер масқаралық,
яғни адам баласы өз қадірін білмеушілік деген сөз. Міне осындай жан
Хақ Тағала құзырындағы бар абыройын, қасиетін жоғалтады. Адамдық
шеңберінен шығып, өзіне орасан зор залал тигізеді.